Мұсылман әйелдер киімінің сән үлгісі көрсетілді

Мұсылман әйелдер киімінің сән үлгісі көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айыр қалпақты ағайындарымыздың астанасы Бішкек қаласында мұсылман әйелдерінің сәндік киім үлгілерінің көрмесі болып өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға қатысушылар шариғат шәлісі тек арабтың халқыныңкиімі емес екендігін, қырғыздардың ұлттық киімдерінің бірі екендігін осылайша дәлелдемек болған.

Айтулы шараға Сауд Арабиясының  елшісінің жұбайы мен қызы, Жоғары кеңестің депутаты Эльмира Жұмалиева, Адам құқықтары жөніндегі кеңес төрағасы Гүлжамал Сұлтанәлиева сынды әйелдер де қатысып, шариғат шәлісіне қатысты ойларын ортаға салды.

Жиылған қонақтарға мұсылман әйелдерінің күнделікті жұмысқа, мектеп пен оқу орындарына, спорттық шараларға, отырыстар мен жиналыстарға, тіпті тұрмыс шығып, отау көтергендегі той көйлектерінің үлгілері ұсынылды. Ұлттық нақыш пен мұсылмандық шартты қатар сақтаған киім үлгілері жаңа заманғы талапқа сай тігілген.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: