Адамдарды емес, өз нәпсісін жеңе білген адам мықты...

Адамдарды емес, өз нәпсісін жеңе білген адам мықты...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір танымал шейхтың көптеген шәкірттері болған екен. Шәкірт деген аты болмаса сол шәкірттерінің өздері ілімі бар үлкен адамдар болған, алайда әлгі шейх үнемі бір шәкіртін: «Ананы беріп жіберіңізші» немесе «Мынаны апарып орнына қоя салыңызшы» деп жұмсай берген екен. Шейхтың айтқанын әлгі шәкірт бұлжытпай орындап жүріпті, алайда күндердің күнінде ол іштей: «қасымда қаншама адам бар, ал ол болса мені ғана жұмсай беретіні несі?» - деп қынжылыпты. Бірақ мұнысын ешкімге білдіртпей, шейхтың айтқандарын үнсіз орындай беріпті. Сол түні әлгі шәкірттің түсіне Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) кіріп: «Егер іштей қынжылмағаныңда, осы түні әулие дәрежесіне жетер едің...», - деген екен.

Әркім де осы туралы ойланып, өз іс-әрекеттерін таразылап, бір қорытындыға келіп жүргендері абзал болар еді... Біздің сүйікті Пайғамбарымызды (ﷺ) түсінде көру де өте жақсы белгі, дегенмен әлгі шәкірт даналық пен сабырлық тәрізді жақсы қасиеттерді көрсете білгенде нұр үстіне нұр болары сөзсіз еді. Бәлкім бұл адамда тамшыдай болса тәкаппарлық пайда болмаса немесе тамшыдай сабырлығын жоғалтпағанда әулие дәрежесіне қол жеткізер еді, өйткені адамның сбырлығы артқан сайын оның Алла алдындағы дәрежесі де өсіп отырады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Адамдарды емес, өз нәпсісін жеңе білген адам мықты», - деп айтқан. Мүмкін әлгі шейх дәл сол шәкіртінің осындай кіші-гірім кемшілігі барын біліп, оның рухани жағынан өсіп-өркендеуі үшін осылай жұмсап отырған шығар...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: