#ТАРАЗ: Қала имамдары Рамазан айының үшінші жұмасында 6 028 500 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

#ТАРАЗ: Қала имамдары Рамазан айының үшінші жұмасында 6 028 500 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Тараз қаласы имамдары Рамазан айының үшінші жұмасында 6 028 500 теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Қайырымдылық ретінде жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, ауыз бекіткен кісілерге ауызашар пакеттері, көлік жүргізуші жолаушыларды Рамазан айымен құттықтап, әрбіріне құрма мен су, қаржылай көмек сұраған кісілерге қаржылай, дәріге мұқтаж болған кісілерге дәрі-дәрмек алып беріліп, кілемі тозған мешіттердің кілемі жаңартылды. Жалпы 2800 отбасы қамтылды.

     Қайырымдылық іс-шарасына қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешіті, «Әбдіқадір» мешіті, «Әл-Фирдаус» мешіті, «Бегалы ата» мешіті, «Әбу Бәкір Әс-Сыддық» мешіті, «Аррахман-Аррахим» мешіті, «Намаз ата» мешіті, «Құлбай баба» мешіті, «Әулие ата» мешіті, «Әзрет Әли» мешіті, «Тектұрмас» мешіті, «Әл-Әділ» мешіті, «Әкрам төре» мешіті, «Нәметбай» мешіті, «Нәби» мешіті, «Шайх Зуннун» мешіттері атсалысты.

   Қайырымдылық жасалған мұқтаж отбасылар мен күннің ыстығында Алланың разылығы үшін ораза ұстаған кісілер имамдарымызға шексіз алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: