Шұжық өнімдерін шығарушы кәсіпорындар "Халал Даму" ұйымымен қайырымдылық жасады

Шұжық өнімдерін шығарушы кәсіпорындар "Халал Даму" ұйымымен қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында орналасқан шұжық өнімдерін шығарушы "Иштаев" ЖК,  "Досматов" ЖК,  "Тим" ЖК кәсіпорындары қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасап, жақсылыққа себепші болды.

Өндіріс орындары ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" өкілдігімен біресіп, жалпы 15 отбасыға көмек көрсетті. 

Әр кәсіпорын 5 отбасыға азық-түлік пен өздері шығаратын өнімдерді тарту етті. 

Шараның басы-қасында болып, көмекті жеткізуге мұрындық болған "Халал Даму" ұйымының өңірдегі өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіпорындарға алғыс айтып, береке тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: