Мешіт жамағаты балалар үйінде ауызашар жасады

Мешіт жамағаты балалар үйінде ауызашар жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты Тараз қалалық балалар үйінде ауызашар ұйымдастырып қайтты. 

Дана халқымыз «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): « Жетімді өз қолына алған адам, мына екеуі сияқты жәннатта жақын (аға - іні) боламыз», - деп нұсқаушы және орта саусақтарын көрсеткен.

Қасиетті рамазанда осы бір жітім жандарды шет қалдырған болмас, деп белсенді жамағат балалар үйіне ауызашар жасай барып, 200 шұлық, 140 колбаса, 13 торт, 100 нан, 50 шырын, 100 балмұздақ алып барып, балдырғандарды қуантты. 

Игілікте бас қосқан жастардың қосымша 240 000 мың теңге көмек қаражаты тағы бар. Балалардың көңілін аулап, қуанта барғандар ораза айымен құттықтады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: