Оразаның 7 қасиетін білесіз бе?

Оразаның 7 қасиетін білесіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза – бұл дүние мен мәңгілік дүние қуанышы. Сенімді хадистерде оразаға қатысты көптеген игіліктер мен артықшылықтар келтірілген. Осы артықшылықтарды білу иман келтіргендерге оразаны жүрекпен де, тәнмен де ең үздік түрде ұстауына көмектеседі.

Ораза жауыңды жеңуге көмектеседі

Құранда адамның нақты жауы шайтан деп айтылған. Ораза – оның ықпалын әлсірететін құрал, өйткені ас-судан бас тарту тән қалауын әлсіретеді. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Қанның тамырларда айналып жүргеніндей, шайтан да адамның денесінде айналып жүреді. Аштықпен (аз жеумен, ораза ұстаумен) оның жолдарын қысыңдар!» (Бұхари)

Ораза сабырлы болуға үйретеді

Хадистердің бірінде айтылғандай: «Ораза – сабырдың жартысы». Ал сабыр – иманның жартысы: Жұмақтың кілті әрі қиыншылық пен сынақтарды жеңу амалы.

Ораза – сауабын Алла Тағаланың Өзі беретін жалғыз құлшылық түрі

Алла Тағала: «Әбір игі амалға оннан жетіжүзге дейін сауап беріледі, оразадан басқа, өйткені ораза – Мен үшін және оның сауабын Өзім беремін», - деп айтқан. Сондай-ақ, Құранда былай айтылған: «Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады!» (39:10) Ал ораза, белгілі болғандай, тек қана тән жағынан болатын әрекеттерден тыйылу ғана емес, сондай-ақ, тыйым салынған сөздер мен қылықтардан арылу жолында рухани тәрбиелену.

Ораза – Жұмақ қақпаларының бірі

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Шынында, Жәннатта «әр-Райян» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні одан тек ораза ұстаушылар ғана кіреді әрі ол қақпадан олардан басқа ешкім кірмейді».

Айша анамыз (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Үздіксіз Жұмақтың қақпасын қақ».

«Немен?» - деп сұрайды Айша анамыз (р.а.).

«Ашығумен», - деп жауап берген екен Пайғамбарымыз (ﷺ).

Ораза кезіндегі ұйқы да құлшылық болып табылады

Кайлюль деп аталатын түс уақытындағы ұйқы – Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннеті болып табылады. Хадисте келтірілгендей: «Ораза ұстаушының ұйқысы да Аллаға құлшылық», тіпті ораза кезіндегі мұсылманның ұйқысы оның құлшылығының жартысы болып табылады.

Ораза – Жаратушының Өз құлы үшін мақтанышы

Кейбір хадистерде келтірілгендей, бұл дүниелік істерден баст тарту, тіпті ораза кезінде халалдан да бас тарту - Алланың Өз құлдары үшін мақтанышта болу себебі. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Алла Тағала Өз періштелерінің алдында тақуа бозбаламен: «Уа, бозбала, Мен үшін өз қалауын ұмытқан әрі жас шағын Маған арнаған, сен Мен үшін – Менің періштелерімнің біріндейсің», - деп мақтанған екен.

Басқа хадисте былай келтірілген: «Алла айтады: «Уа, Менің періштелерім! Мен үшін өз қалауы мен рахатын, ас-суын қалдырған Менің құлыма қараңдаршы!»

Ораза – бұл дүние мен мәңгілік дүние қуанышы

Алла Елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деген: «Ораза ұстаушының екі қуанышы бар: ауызашардағы қуанышы және Өз Жаратушысымен кездесердегі қуанышы».

Егер иман келтірген адам оразаны шынайы түрде бар жан-тәнімен ұстаса, оның ойына кіріп шықпайтын қуанышты сыйлыққа тап болады. Қасиетті Құранда осылай айтылған:

«Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді» (32:17).

Алла Тағаланың бұл дүниеде мұсылманға берер сыйы – оны ақиқат жолға салуы әрі Алла разылығын алу үшін жүрегін нығайтуы:

«Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеушілермен бірге» (29:69).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: