Мұсылманға қажет 11 маңызды әдеп

Мұсылманға қажет 11 маңызды әдеп

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тазару әдебі. Үнемі таза жүру, өйткені тазалық әдептердің бірі әрі иманның жартысы болып табылады.

Дәрет алу әдебі. Дәрет алудың сүннеті мен мұстахабын ұстану. Дененің әрбір мүшесін жуғанда «Бисмиллә» деп айту.

Азан әдебі. Азан сөздерін қастерлеп тыңдап, азаншының соңынан іштей қайталап тұру.

Мешіт әдебі. Мешіттегілерге қолайсыздық тудырмау, қасындағы адамдарға қатысты сабырлық таныту, тыныштық сақтау, мешітте біз Алла Тағаланың қонағы болып табылатынымызды естен шығармау.

Намаз әдебі. Намазды тынышталған күйде, оның барлық сүннеттері мен мұстахабтарын ұстана отырып уақытында оқу және Алла Тағала алдындағы өз әлсіздігіміз бен мүсәпірлігімізді сезіну.

Дұға әдебі. Алла Тағаладан дұға сұрағанда бар жан-тәнімен шынайы түрде сиыну.

Сәлем беру әдебі. Сәлем беру кезінде адамның жүзіне қарап, жайдары болып, шын жүрекпен амандасу.

Әңгімелесу әдебі. Ең алдымен, сұхбаттасты тыңдай білу, сөзін бөлмеу әрі ар-намысына тимеу. Дөрекі сөздерсіз ақырын, түсінікті сөздерді қолданып әділ сөйлеу.

Сауда-саттық әдебі. Күн көру қаражатын алдамай, жалған ант бермей, қулыққа салынбай, өз сөзінде тұрып, жеңілдік танытып, Алла Тағалаға сиынып, рұқсат етілген жолмен табу, Алла нәсіп еткен ризыққа разы болу.

Тамақ ішу әдебі. Рұқсат етілген дүниелерді жеу, қолды жуу, тамақ ішер алдында қол жуып, «Бисмиллә» деп айтып, оң қолмен тамақ жеу, ал тамақтан соң Аллаға шүкір айтып, дұға жасау және қол жуу.

Ұйқы мен ояну әдептері. Дәрет алып жату, өткен күн үшін өз-өзінен есеп алып, өлімге дайындалып, оң бүйірлеп жату. Ал таңертең оянғанда шүкір айтып, дұға жасау.

Мүміннің өзге бір мүмін алдындағы бес міндеті. Сәлем бергенге жауап беру, түшкірген адамға дұға тілеу, сырқат адамның халін сұрау, жаназа намазына қатысу және шақыруын қабыл алу.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: