Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін!

Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті мұсылман қауым! Халықымыздың көңілін көтеріп, қуанышқа бөлеп, ізгі-тілектер айтысып, жақсылыққа үндейтін ислам негіздеріне қайшылығы жоқ жұртымыздың ежелден тойлап келе жатқан жыл басы – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, дін мен дәстүрі біте қайнасқан барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым - қатынастардың нығаюына, әр ұлттың діні мен дәстүрінің кең насихатталуына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазретіміздің бастамасымен дін саласында қызмет етіп жүргендер үшін үстіміздегі – 2014 жылды «Дін мен дәстүр жылы» жариялаған болатын. Осы бастаманы қолдау мақсатында облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешіті ұжымының ұйымдастыруымен 19 наурыз күні сағат 10.00-де Наурыз мерекесіне арналған рухани шара медресенің ауласына киіз тігілумен басталып, 200 кісіге дайындалған дастархан жайылып, ас беріліп, «наурыз көже» мәзірі ұсынылады. Сондай-ақ, дәстүрге сай спорттық шаралар яғни, түйе палуандар күресі, арқан тартыс, кір тасын көтеру т.б. Шара барысында, балаларға арналған «үрлемелі ойын алаңы» орнатылып, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға қайырымдылықтар жасалынады.

Баршаңызды дініміз бен дәстүрімізді насихаттайтын рухани шарамыздың құрметті қонағы болуға шақырамыз!

ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы,

«Һибатулла-Тарази» мешітің Бас имамы,

Жұмабаев Данияр қары Әлимұхаммедұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: