Жақыныңды дінге насихаттаудың 5 қағидасы

Жақыныңды дінге насихаттаудың 5 қағидасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін - құндылық. Адам баласы жаратылғаннан бері дінсіз өмір сүрген емес. Ислам сөзінің түп-тамыры «салима», «юслиму», «ислам» яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла Тағаланың «Салам»  деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы Алла Тағалаға толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау. Ислам - Aлла Тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті әрісоңғы пайғамбары  Мұхаммедке (с.ғ.с) жіберген ең соңғы діні. Ол адам баласына осы дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруге жетелейтін қағидалар жиынтығы.

Тәуелсіз ел тарихы мен мәдениеті көптеген ғасырлар бойы Ислам дінімен тығыз байланыста дамып келеді. Алла Тағала тарапынан келген соңғы дін ислам болғандықтан, ол жөнінде Алла Тағала: «Алланың қасында шынайы дін - Ислам» делінген.

1. Жақыныңды дінге шақырғанда уағыз айтушының бойында хикмет, сабырлық тағы басқа мұсылман сипатталу керек қасиеттер болуы жөн.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр...» «Нахыл» сүресі, 125 аят.

Адамдарды жақсылыққа үндеу, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануына ұйытқы болу, игілікті істерді қолдаудың маңызы зор. Алла Тағала  Құран Кәрімнің «Зарият» сүресінің 55 аятында: «Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді» дейді. Сонымен қатар  «Әл-ағлә» сүресінің  9 аятында: «Пайда беретін болса, насихат ет» делінген.

Пайғамбарымыз  адамдарға насихат айтқан кезде, дініміздің құндылықтарын дұрыс жеткізудің маңыздылығын атаған. Алладан еліміздің жұртымыздың аманшылығын, бейбітшілігін тілеуіміз - мұсылмандық міндетіміз болып табылады.

Алла Тағала  Құранда былай дейді: «Расында, бір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» деген әмірі күшпен, қарумен емес, даналықпен, біліммен жаю керектігін меңзейді. «Рағыд» сүресі, 11 аят.

2. Уағыз айту - адамдарға дінді жеткізудің бір жолы.

Адамдарға насихат айтқан кезде, уағыз-насихат олардың жүрегінен орын алуы  үшін  әуелі өзі дінді, дінге қатысты мәселелерді жетік біліп, Құран Кәрімді, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірін,  хадис шәріптері мен және сахабаларының іс-әрекетін, ислам тарихын жетік білуі міндетті. Кейде  адамдар дін насихатшысын тыңдамай жатқан кезде, қазіргі ғылым мен техниканың жетістігіне де сүйене отырып, адамдардың рухани мұқтаждықтарын өтеуге үлкен мән беруіміз нәтижеге алып келеді. Осылайша адамдарға қолдау көрсету арқылы  өзімізге көмек береміз.

3. Тыңдаушының жүрегіне жол таба білу де өнер. Сыйлық беру, оның маңызды мәселесін шешуге көмектесуге де жақсы әдіс. Мұның бәрі  тыңдаушының жүрегін жаулап алуға, сонымен қатар, онымен жеке  адамдық достықты  қабылдауға жол ашады.

4. Тыңдаушының деңгейімен санасу. Дінге қатысты мәселелер төңірегінде соның  тілінде сөйлеу,  туындаған таластан бойды аулақ ұстау, дін насихатында тыңдаушыға сенімділік ұялату арқылы әр мәселеде Құран мен сүннетке сүйену де  пайдалы. Сонымен қатар, барлық істі шынайы адал ниетпен жасау, адамдар тарапынан туындаған сауалдар  тиянақты да нақты жауап беру, жасандылықтан  аулақ болу, айтқан насихаттарын әуелі өзі орындауы да үлкен рөль атқарады. Сондықтан өзгелерге насихат айтушы Алла елшісі жасағандай, айтылған барлық нәрсені айтушы өзі жасауы маңыздырақ.

5. Уағыз айту барысында уағыздың тақырыбы тыңдаушының жағдайына қарап айтылуы.

Уағыз кіріспесінде жалпы мазмұндағы  ғибратты мысалдар келтіру, Құран мен Сүннетте келген қиссаларды келтіру, уағыз тақырыбын ғибартты уақиғалармен, салт-дәстүр қағидаларымен, шешендік сөздермен, нақылдармен қуаттау,  тыңдап отырғандарға жалпақ тілмен, қысқа, дауыс көтермей жеткізу, тыңдаушымен байланысты үзіп алмау адамдарға дінді жеткізудің бір жолы десе де болады.

Хадистерде де насихат айту керектігі туралы сөз болады. Бір сөзінде ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Дін дегеніміз насихат» дейді. Сахабалар «Кімдер үшін насихат?» деп сұрағанда, «Алла және  елшісі, кітабы, мұсылман басшылар және бүкіл мұсылмандар үшін» деген жауап естіген (Бұхари, иман, 42).

Имам Ғазали «Насихат айту − дініміздегі әуелгі міндет» деп түсіндіреді. Сондықтан жақынымыздың  жақсылығына себеп болудың өзі  үлкен сауап болып табылатындығын ұмытпайық.

  Рамиз  Азизов

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

«Байзақ баба» мешітінің бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: