БАС МҮФТИ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Рамазан айының алғашқы жиыны өтті.

Оразаның бірінші аптасын қорытындылаған жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы мен бөлім басшылары, сондай-ақ облыстық өкілдіктердің бас имамдары мен мүфтият қызметкерлері қатысты.

«Рамазанның алғашқы күні Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Президент ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Діни басқарманың атқарып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, мүфтият тынысымен таныстырдым. Рамазан айында да бірқатар қайырымдылық шараларының ұйымдастырылатынын жеткіздім. Күн жылып келе жатқандықтан, мешіттерімізде айт намазын сыртта оқысақ деген ұсынысымды айттым. Президент өз кезегінде Діни басқарманың игі істердің басында жүріп, имамдарымыздың ел азаматтарын жақсылыққа, ізгілікке шақырудағы адал қызметіне алғысын білдірді» деп атап өтті Бас мүфти.

Сондай-ақ жиында ҚМДБ бөлім басшылары Рамазанның алғашқы аптасында атқарылған іс-шаралардың есебін таныстырды. Бас мүфти бөлім басшылары мен өкілдіктердің бас имамдарына нақты тапсырмалар берді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: