101 жастағы мұсылман серуендеп, COVID-19 құрбандарына қаражат жинайды

101 жастағы мұсылман серуендеп, COVID-19 құрбандарына қаражат жинайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 101 жастағы Дабирул Ислам Чодхури осы Рамазан айында ораза ұстай жүріп бүкіл әлем бойынша COVID-19 құрбандарының отбасылары мен құрбандарына көмек ретінде қаражат жинауды мақсат етіп қойды.

Елизавета патшайымның құрметті атағы тізіміне енген Чодхури өткен жылы пандемиядан зардап шеккендерге көмек ретінде 420 000 фунт стерлинг жинады. Ол капитан сэр Том Мурнан шабыт алып, 2020 жылы Рамазан айында ораза ұстай отырып, өзінің қоғамдық бақшасында 100 айналым жасауды алдына мақсат етіп қойған. Биыл мұсылман Рамазан айының оразасын сақтап, Боудағы (Шығыс Лондон) өз бақшасында 970 айналымды аяқтады.

Көпшіліктің назарын аудару үшін ол «Дабирулмен серуендеу» акциясын өткізуде. Адамдар жергілікті саябақта немесе бақта серуендейді, олардың әрқайсысы 1,5 миллион қадам жасауға тиіс. Акция аясында қаланың 150-ден астам тұрғындары COVID-19 құрбандарына қаражат жинауға жазылды. Сайыс 24 сәуірде өтеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: