Сауд Арабиясында 1334 жылғы мешіт қалпына келтірілді

Сауд Арабиясында 1334 жылғы мешіт қалпына келтірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясындағы бірнеше көрнекті мешіттер, соның ішінде Кафар мешіті 10 аймақтағы 30 діни орынды қалпына келтіретін "Мұхаммед бен Салман тарихи мешітін қайта құру" жобасы аясында жаңартылды.

Кафар мешітінің құрылысы хижраның 1334 - 1445 жылдар аралығына жатады. Бұл мешітте жұма намазы діндарлар көрші ауылдардан намаз оқуға келген кезде оқылатын. Кафар мешіті ескі Кафар қаласында, Хайлдан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде, Хаил мен Аль-Ула арасын жалғайтын жолға жақын жерде орналасқан.

Ғимараттың ерекше стилі оның балшық пен тастан, ал ағаш төбесі тамарикс пен пальма жапырағынан тұрғызылғандығымен байланысты. Кафар мешіті 687 шаршы метрді алып жатыр және 170 адамды қабылдай алады.

Мешітте Аль-Саханың ішкі ауласы бар, онда екі қойма және төртбұрышты сегіз метрлік мұнара орналасқан.

Мешіт қалпына келтірілгеннен кейін оның қазір намазханасы, Аль-Саханың жаңартылған ауласы, әйелдерге арналған намаз оқитын алаңы, ерлер мен әйелдер үшін дәрет алатын бөлмелері бар. Енді ғибадатхана 400-ден астам адамды қабылдай алады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: