Австралияда алғаш рет ислам мұражайы ашылды

Австралияда алғаш рет ислам мұражайы ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Естеріңізде болса, өз алдына бір құрылықты алып жатқан елде ислам мұражайы ашылатыны туралы кезінде хабарлағанбыз. Сол ақпаратымыздың расқа айналған түрі бар. Кешелі бері автралиялық тұрғындарға асыл дініміздің тамыры тереңде жатқан  тағылымды тарихымен, баға жетпес мәдениетімен, хикметке толы қыр-сырымен танысу мүмкіндігі пайда болды.

«Меніңше, өрісі кең өнердің ынтымаққа бастайтын ықпалы жоғары әрі барлық наным-сенімдегі адамдар мен мәдениет өкілдерін бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай біріктіре алатын қадыр-қасиетке ие»,- деді осынау игі бастамаға мұрындық болған Мұстафа Фаур есімді діндес бауырымыз. 

Негізінен аталмыш мұражайды жергілікті мұсылман белсенділері 2010 жылы ашуға бекінген екен. Осылайша, асыл дініміз жайлы қоғамды кеңінен жайлаған қате ұғым мен жаңсақ көзқарасқа сәл де болса тойтарыс бермек болған. Олардың бұл игі ниеті Алланың қалауымен жүзеге асып отыр. Тек ұзағынан сүйіндірсін дейік.

Бюджеті 10 млн долларды құрайтын Мельбурндегі мұражайда өнердің сан алуан түрлерінде көрініс тапқан ислам дінінің доктринасы жұртшылықтың назарына ұсынылды. Бұған қоса, галереядан ислам өркениетінің инженерлік ғылымға, сәулет өнеріне, өзге де жетістіктері мен  қосқан үлесін байқап-бағамдауға болады.

Бұл мұражай австралиялық тұрғындармен арадағы диалогтың алтын көпіріне айналуы мүмкін.

Сондай-ақ, мұражай мейрамханасында Таяу Шығыс елдерінің ас мәзірімен танысуға мүмкіндік бар.

Австралияда мұсылмандардың өмір сүріп жатқанына екі ғасырдан астам уақыт өтіпті. Бүгінгі таңда 20 млн тұрғыны бар Австралия халқының 1,7 пайызын мұсылмандар құрайды. 

http://islam-today.ru/files/news/part_3/34786/IMA-600x252.png

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: