Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің ummet.kz сайты Рамазан айының құрметіне «Менің алғашқы оразам» атты үздік эссе байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін арттыру, ғибратты, оқиғалы шығармалар арқылы оқырмандарға мотивация сыйлау дейді ұйымдастырушылар.
Байқаудың шарттары: Байқауға кез-келген жастағы ниет білдіруші (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) қатыса алады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
- Байқауға қатысушы өз өмірінен өткен оқиғалар желісі бойынша немесе алғашқы ораза ұстағандағы әсерімен «Менің алғашқы оразам» тақырыбында эссе (ой-толғау) жазуы тиіс;
- Қатысушылар шығармаларын baiqau@ummet.kz электронды почтасына жолдауы керек;
- Байқау мерзімі 2021 жылдың 13 сәуір мен 12 мамыр аралығын қамтиды.
Шығарма, яғни эссе ғибратты оқиғаға құрылуы тиіс;
Өзгелердің Рамазанға деген құлшынысын оятуды мақсат тұтуы қажет.
Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асады:
– Ойдың тиянақты болып, ұтымды тұжырым айта білуі;
– Шариғат талаптарына қайшы келетін дүниелердің айтылмауы.
Байқау сыйлықтары:
І орын – Қазақша Құран және арабша Құран, арнайы әзірленген сыйлық пакеті;
ІІ орын – Қазақша Құран;
ІІІ орын – Арнайы әзірленген сыйлық пакеті.
ummet.kz