Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі «100 миллион порция тамақ» атты қайырымдылық акциясы басталғанын жариялады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрі Мұхаммед бен Рашид Аль Мактум науқанның басталуы туралы хабарлады.
Таяу Шығыстың 20 еліндегі аз қамтылған отбасыларға тамақ таратылады. Акция мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына арнайы орайластырылған. Азық-түлік 30 күн ораза ішінде таратылады.
«Науқан БАӘ-нің нәсіліне, дініне және ұлтына қарамастан халықтың осал топтарына көмек көрсету жөніндегі гуманитарлық қағидаларын көрсетеді», - деп түсіндірді Мұхаммед Әл-Мактум қорының баспасөз қызметі.
asyldin.kz