Жүздеген палестиналықтар Шығыс Иерусалимдегі Ал-Ақса мешітін Рамазан айында құлшылық ету орнын дайындау үшін тазартуға қатысты.
Акцияны ұйымдастырушылардың бірі Гази Иса Әл-Ақсаның барлық аулалары жуылып, сол аймақтағы мұсылман зираттары тазартылғанын айтты.
«Рамазанға дайындалу үшін Ақса мешітін тазарттық. Бізге әйелдер мен балалар көмектесті, олар да Масжидул-Ақсаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды», - деді Иса. Рамазан айында мешіт ғибадат үшін ашық болады. Меккедегі Әл-Харам мешіті мен Мединадағы Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінен кейін Аль-Ақса мұсылмандар үшін үшінші орынды алады.
asyldin.kz