РАМАЗАНҒА ОРАЙ ОНЛАЙН СҰРАҚ-ЖАУАП ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ВИДЕО)

РАМАЗАНҒА ОРАЙ ОНЛАЙН СҰРАҚ-ЖАУАП ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ Ғұлама кеңесінің мүшелері, елімізге белгілі исламтанушы-ғалымдар мен пәтуа мамандары тікелей эфирде көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

«Рамазанға дайындық» онлайн сұрақ-жауап жобасында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен оның орынбасары Хасан Аманқұл, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Мансұров, сондай-ақ пәтуа мамандары Бауыржан Әбдуәлі мен Медет Құрмашұлына оқырмандар тарапынан оразаға қатысты сұрақтар қойылды. Онлайн бағдарламаны тележурналист Еркін Шәкірұлы жүргізді.

Бас-аяғы қырыққа жуық сұрақ қойылса, олардың қатарында жыл сайын әсіресе, бірінші рет ораза ұстағалы отырған жамағаттың «Түкірік жұтуға бола ма?», «Тіс жұлдыруға бола ма?», «Дәрет алып жатып су жұтып қойса, ораза бұзыла ма?» деген сынды сұрақтар мен заман ағымына қарай туындаған «Екпе егу оразаны бұза ма?», «ПЦР-тест, анализ, қан тапсыру оразаны бұза ма?» секілді сауалдар қойылып, дін мамандары тұшымды жауап берді.

Діни басқарманың YouTube арнасы мен @muftiyatkz инстапарақшасы және белгілі блогер, экономист Дәулет Төлеутайдың @dauletten және @dau_bilim парақшалары арқылы онлайн өткен эфирді 25 000-ға жуық көрермен тамашалады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: