Дінбасының дәрісі (ФОТО)

Дінбасының дәрісі (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы республикалық Әбу Ханифа атындағы медіресе шәкірттеріне дәріс берді.

Бас мүфти түлектерге үкім берудің, пәтуа шығарудың қыр-сырын тәптіштеп түсіндірді. Сонымен қатар, уағыз айтуда мән берер жайттарға да тоқталды.

«Ислам – әр мәселеге мұқият қарауды үйрететін кемел дін. Дінімізде барлық мәселенің шешімі бар. Ол үшін көп ілім алып, ұстаздардан тәлім үйренуіміз қажет. Мешітке сұрақпен келген адамдарға толыққанды жауап беру үшін де жан-жақты білім керек. Пәтуа берген кезде тек шaриғат дәлелдерімен ғана шектелмей, түрлі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, үкім бергеніміз дұрыс», – деді дәрісте Бас мүфти.

Дәріс соңында Ержан қажы Малғажыұлы медресе шәкірттеріне ілім алудың артықшылықтары туралы насихат айтып, оқуда озат болуға шақырды.   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: