Бұл туралы елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы мәлімдеді.
Наиб мүфти мұндай шаралар қауіпті індеттің алдын алу және сақтық шараларын қатаң сақтау үшін қолға алынып отырғанын атап өтті.
«Біз қазіргі еліміздегі қиын жағдайды ескере отырып, жұқпалы коронавирус індетінің алдын алу және одан сақтану шараларын басты назарға алып, діни құлшылық ету мәселесін үш аймаққа бөлдік. Ең алдымен, «жасыл» аймақ, «сары» және «қызыл» аймақтарда орналасқан облыстар пен қалалар үшін жұма, тарауық намаздары, ауызашар өткізудің тәртібіне тоқталсақ» дей келе Ершат қажы Ағыбайұлы «жасыл» аймақ, «сары» және «қызыл» аймақтардағы мешіттерге қойылатын талаптармен таныстырды.
1.1. Бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар өткізудің тəртібі:
- Мешіт дəретханаларын қолдану барысында арақашықтықты жəне сантитарлық талаптарды сақтай отырып, мүмкіндігінше тез дəрет алу;
- Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай уақытымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
- Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдар мен санитайзерлерді пайдалану;
- Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №68 Қаулысында қоғамдық тамақтану объектілерінде еске алуға рұқсат берілгеніне қарамастан, ауызашарды мүмкіндігінше отбасы ортасында өткізуді ұсынамыз;
- Тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа-райы қолайлы аймақтарда мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу;
- Тарауық намазы рұқсат етілген мешіттерде Құран хатымды (1 парадан асырмай оқу) санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу;
- Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30%-дан аспаған кезде жүзеге асырылады;
- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу;
- Мешітке кіруге міндетті түрде бетперде болған жағдайда ғана рұқсат ету.Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгертілуі мүмкін...
1.2. Мешітте Құран оқытуға қатысты тəртіп:
- Құран оқытуға келушілер арасында арақашықтықты сақтау (10 адамнан артық кіргізбеу);
- Құран оқытуға келушілердің аралары 2 метр қашықтықты сақтау жəне арнайы белгіленген орындарға отыру;
- Дін қызметкерлері мен келушілерде міндетті түрде бетперденің болуын қадағалау;
- Мешіт қызметкерлерін бір рет қолданылатын медициналық бетперделермен қамтамасыз ету;
- Санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Құран оқитын бөлмеге кірмес бұрын антисептикалық құралдарды пайдалану;
- Əр 3 сағат сайын Құран оқитын бөлмені желдетіп отыру;
- Қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету.
Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеруі мүмкін.
1.3. Неке бөлмелеріндегі іс-шаралардың жүзеге асу тəртібі:
- Неке бөлмесінде шариғат талаптарына сəйкес куəгерлерден басқа адамдардың болмауы тиіс;
- Неке қиюшылардың аралары 2 метр қашықтықты сақтау жəне арнайы белгіленген орындарға отыру;
- Дін қызметкерлері мен келушілерде міндетті түрде бетперденің болуын қадағалау;
- Неке қиып болған соң, мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу;
- Неке қию бөлмесіне кірмес бұрын антисептикалық құралдарды пайдалану;
- Əр 3 сағат сайын неке залдарын залалсыздандыру.
Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады...
2.1. Мешітте намаз оқитын орындарға, ауызашарға қатысты тəртіп:
- Тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа-райы қолайлы аймақтарда мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу;
- Мешітке келушілердің бетпердемен келуін қадағалау;
- Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30%-дан аспаған кезде жүзеге асырылады;
- Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдарды пайдалану;
- Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;
- Мешіт дəретханаларын қолдану барысында арақашықтықты жəне сантитарлық талаптарды сақтай отырып, мүмкіндігінше тез дəрет алу;
- Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай, уақытымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу.
Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады...
2.2. Неке бөлмелеріндегі іс-шаралардың жүзеге асу тəртібі:
- Неке бөлмесінде шариғат талаптарына сəйкес куəгерлерден басқа адамдардың болмауы тиіс;
- Неке қиюшылардың аралары 2 метр қашықтықты сақтау жəне арнайы белгіленген орындарға отыру;
- Дін қызметкерлері мен келушілерде міндетті түрде бетперденің болуын қадағалау;
- Неке қиып болған соң, мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу;
- Неке қию бөлмесіне кірмес бұрын антисептикалық құралдарды пайдалану;
- Əр 3 сағат сайын неке залдарын залалсыздандыру.
Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгертіледі...
3.1. Мешітте намаз оқитын орындарға, ауызашарға қатысты тəртіп:
- Бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу;
- Намаз оқушылардың арақашықтығы 2 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқу;
- Намаз оқитын залдарда имамдар жəне намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен болу;
- Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;
- Намаз оқып болған соң, мүмкіндігінше мешіттен тезірек шығу;
- Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу;
- Тарауық намазы оқылмайды.
Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады...
3.2. Неке бөлмелеріндегі іс-шаралардың жүзеге асу тəртібі: