#Шу қаласы: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ, ТЕРРОРИЗМ-БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

#Шу қаласы: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ, ТЕРРОРИЗМ-БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы «Жәми» мешітінің жамағатына «Діни экстремизм, терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында уағыз жүргізді.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі талай кезеңдерден өтіп, алпауыт елдермен әріптестік қарым-қатынас орната білді. Сондай-ақ, Қазақстан бейбітшілікті көксеген тараптардың бас қосып, мәмілеге келетін орталығына айналды.

"Еліміз экстремизм, терроризм құбылысына оның түрлі көрінісіне, күш біріткіре отырып қарсы тұрып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Дегенмен азаматтардың экстремизм мен терроризмге әкелетін радикалдану проблемасы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіргені жасырын емес. Қаншама азаматтарымыз бейбіт елін, туған жерін тастап, Сирия-Ипактағы экстремистік және террористік әрекет етуші топтардың қатарына қосылғаны оған дәлел. Ислам діні адамзатқа түрлі халықтар арасында тыныштық, бірлік, ынтымақ қалыптастыру мақсатында жіберілгенін түсіндірді. Ислам діні басқаларға ісімен де, тілімен де зарар, зиян келтіруден тыйып, адамдарды мәмілемен, жарастықта, тату ғұмыр кешуге, бір-бірін қуаттап, қолдауға үндейтінін жеткізді" -дейді имам өз сөзінде.

 Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: