Ғаламның рахым нұрын еске алып, салауат айтқан рухани кеш

Ғаламның рахым нұрын еске алып, салауат айтқан рухани кеш

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған айы Мәуліттің құрметіне «Мәуліт мүбәрак болсын!» атты рухани мерекелік шаралар болып өтті.

Сансыз салауат айтылған рухани шара қаладағы «Баян Шырын» атты мейрамханада 200 кісілік дастархан жайылып, облыстың зиялы қауымына ас беруден басталды. Қасиетті Құран оқылумен басталған шарада Аллаһ Тағалаға шексіз мақтаулар мен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар айтылды. ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы Данияр қарының шақыруымен келген рухани шараның құрметті қонағы облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков құттықтау сөз сөйлеп, дін саласында атқарылып жатқан игілікті істерге риза екендігін және әрдайым қолдап жүргендігін жеткізді.

Сондай-ақ, күннің ең басты шарасы «Қош келдің, Мәуліт» атты рухани мерекелік сазды кеші облыстық «Баласағұн» мәдениет сарайында өтті. Рухани кешке жиналған дінсүйер қауымның көп болғаны соншалық сарайда ине шаншар жер қалмады.

Ең әуелі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үрім бұтақтарына, санлық сахабаларына, дін тарату жолында жан қиған шаһид құрбандарға, ата-бабаларымыздың рухтарына бағышталып Құран оқылып, дұға жасап кеш шымылдығын ашық деп жарияланды. Кештің сыйлы  қонағы - билік өкілдерін бастаған Тараз қаласының әкімі Нұржан Календаров сауабы мол мерекемен жиылған жұртты құттықтап, атқарылып жатқан шаралар еліміздiң, әсіресе жастарымыздың имандылыққа бет бұрып, сауаттылығын арттырыу жолында үлкен маңызға ие екендігін атады. Қала әкімінен кейін өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы мiнбеге шығып, баяндама жасап, халыққа  бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Әулие-Ата» жұртшылығына айтқан мерекелік ақ сәлемін жеткізіп, ғаламның рахым нұры пайғамбарымыздың анасының пайғамбарымызға жүкті болуын, әкесінің ерте дүние салуын, пайғамбарымыздың туылып ержетуін, пайғамбарымыздың басынан кешкен саң қилы оқиғаларын, қиын-қыстау кезінде сабырлы болғанын, Алланың берген жетімшілік сынағына да төзе білген, сондай мейірімді, адал, ақпейіл, мінезі жұмсақ, жамағатпен достасқыш, жоқ-жітік, жеті-жесір мүсәпір-кәріпке қарайласқыш бауырмал болғанын айтқанда зал толы жұрттың көзіне ыстық жас келді.

Кештің рухани әрін асырып, халыққа қуанышты көңіл-күй сыйлауға «Асыл мұра» өнер ұжымы атсалысып, насихаты мол термелер мен ғибратқа толы қойылымдар қойды.

Кешке Жамбыл облыстық филармонияның әншілері де қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Басты айтар жаңалық діни уағыз, балаларға арналған бейне ролик, ғибратты әңгіме, мысалдар топтастырылған дискілер таратылып, үлкен залға жайылған дастарханға құрма қойылып халыққа тегін үлестірілді. Осы кешке демеуші болып көмек қолын созған кәсіпкер азаматтарға алғысымыз шексіз, қиямет-қайымда Алланың рахымына, пайғамбарымыздың шапағатына бөленсін деген ізгі ниетімізді жеткізгіміз келеді.

Көгедай Шамерхан

   

     

Мәуліттің суреттерінің толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша көре аласыз

http://hibatulla.kz/ru/foto.php?id=1818

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: