Дін істері агентігінің төрағасының орынбасары тағайындалды

Дін істері агентігінің төрағасының орынбасары тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 18 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары болып Абдақасов Ерлан Сатыбайұлы тағайындалды.

Е.С. Абдақасов жоғары білімді, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетін (2003 ж.), Карағанды қаласының «Болашақ» өзекті білім институтын бітірген (2007 ж.). Заңтану магистрі, қаржы бакалавры.

Еңбек қызметін 2003 жылы Қарағанды облысы әкім аппаратының жетекші маманы лауазымынан бастаған.

2006 - 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Діни істер комитетінің бас маманы, бөлім бастығы.

2007 жылдан 2014 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының сарапшысы, бас сарапшысы, кеңесшісі, сектор меңгерушісі.

e-islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: