Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл ай ұйымы қасиетті Рамазан айының алдында 10 мұсылман елінде 200 тонна құрма таратады.
Бастама қасиетті айда мұқтаж мұсылмандар мен достас елдерді қолдауға бағытталған. Ол осал елдердегі, әсіресе жаһандық пандемия жағдайында миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндіріп отырған азық-түлік дағдарысы өршіп тұрған уақытта жүзеге асырылуда.
Қызыл ай ұйымы құрманы Рамазанға дейінгі күндерде таратады. Кейбір жүктер босқындар мен қоныс аударушылар лагерлеріне жіберіледі.
Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің денсаулық сақтау және профилактика министрі Абдулрахман Аль Овейс қасиетті Рамазан айында COVID-19 қауіпсіздік протоколдары мен алдын-алу шараларын жариялады, деп хабарлайды Khaleej Times.
asyldin.kz