Түркияда сәулетшілер Шефик Бирки мен Селим Даламан жобалаған Таксим алаңында мешіт құрылысы аяқталды, оның негізі 2017 жылы 17 ақпанда қаланды.
Аумағы 2482 шаршы метрді, ал ғимараттардың барлық ауданы 16 мың шаршы метрді құрайтын мешіттегі жұмыс әлеуметтік арақашықтық ережелерін сақтай отырып жүргізілді.
Мешіттің ішіне сурет салу процесі аяқталды, оның әр бөлігі ең ұсақ бөлшектерге дейін ойластырылған. Мешіттің михрабының құрылысы жалғасуда, ал тасты қаптау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, бөлімді таспен қаптау жұмыстары басталды.
99 пайызы аяқталған мешіт Рамазан айында құлшылық ету үшін ашылады деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы Таксим алаңы 2013 жылы маусымда Түркиядағы үкіметке қарсы наразылықтардың орталығына айналған болатын.
asyldin.kz