Челябинск қаласының жас тұрғыны «Альфа-Бакнтегі» өзінің жеке шотына аталмыш қаржы мекемесінің қызметкерлері қателесіп аударған 10 трлн рублді банкке қайтарды.
Осылайша, 9 999 999 999 999 рубль 99 тиынды құрайтын бас айналдырар қаржы мұрты бұзылмай банк иелігіне өтті.
«Есепшотымнан 10 трлн рублді көргенде төбем көкке жеткендей қуандым әрі таңқалдым да»,- деді 26 жастағы Тимур Фаткуллин.
Жас жігіттің айтуынша, ол мұның себебін білу үшін бірден «Альфа-Банк» қызметкерлерімен байланысқа шыққан екен.
«Менің есепшотым бірден жабылды. Десе де, бұл қаржы өзімдікі болмағаннан кейін оны жаратуға, жұмсауға дәтім бармас еді»,- деді ол ағынан ақтарылып.
muslim.kz