Жамбыл облысында ҚМДБ тексеру комиссиясының жұмысы басталды

Жамбыл облысында ҚМДБ тексеру комиссиясының жұмысы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысына арнайы ат артып, Елордадан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тексеру комиссиясы келді.

Мамандар әуелі ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен жүздесіп, облыстық мешіт есепшілерімен жиналыс өткізді. ҚМДБ тексеру комиссиясының құрамында комиссия төрайымы Лаура Тлеуханқызы, мүшелері Қайрат Әнуарұлы, Қуанышкүл Қабдразитқызы болды.

Облыстың бухгалтерлік есеп бөлімін толықтай қарауға, есеп-қисабын, құжаттарын тексеріп, кеңесін беруге ниетті комиссия жұмысы апта бойы өңірдің басқа да аудандарында жалғасын таппақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: