#Тараз қаласы мешітінде Ихсан ілімі насихатталды

#Тараз қаласы мешітінде Ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласына қарасты «Сейдуаш ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағыттарынан бірі «Ихсан ілімі» бағыты насихатталды. Аталмыш мешіттің имамы Ғазиз Мадыбаев жамағатқа дастархан жайды. Қонаққа Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамдары Хусаинов Алтынбек пен Турлыбеков Асылхан арнайы шақырылды.

Дастархан басында Ихсан ілімін үйренудің қоғамға тигізер пайдасы жайында Алтынбек Хусаинов мағыналы уағыз айтты. Сұхбат соңы Құран оқылып, қариялардың ізгі батасымен аяқталды.

"Кеңесха қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: