Түрік фотографы ислам әлемінде тұратын адамдардың ортақ көзқарастары мен құндылықтарын көрсететін ерекше жоба жасайды. Орхан Дургуттың айтуынша, бұл жоба Меккені бақылап отырғанда пайда болған, мұнда қажылыққа баратын мұсылмандар бір-біріне деген сүйіспеншілік, көмек және жақсы қарым-қатынастың көрінісі. Ол Сауд Арабиясында бастаған ісін Сирияның Алеппо мен Дамаск провинцияларында жалғастырғанын айтты.
"Біз ислам тарихында ерекше орын алатын 40 елдің 100 қаласын анықтадық. Қазіргі уақытта 64 қаланың түсірілімін аяқтадық", - деп бөлісті фотограф.
Аяқталмаған жобаның алғашқы көрмесі Өзбекстанның Бұхара облысында Имам Бұхари зерттеу орталығының шақыруымен өтті. Екінші көрме Өзбекстанның Термез облысында өтеді.
asyldin.kz