Индонезияның жоғарғы діни басқармасы бұл елдің мұсылмандарын аштықтағы йемендіктерге көмек ретінде қаражат жинауға шақырды.
Индонезия Уламалар Кеңесі (MUI) жалпы ауқатты мұсылмандардан және Индонезиядағы исламдық және гуманитарлық ұйымдардан Йемендегі соғыс пен аштықтан жапа шеккен адамдарға көмектесу үшін қаражат жинауды сұрады.
Мәлімдемеде кеңес БҰҰ-ның ұзаққа созылған соғыстың салдарынан аштықтан зардап шеккен йемендіктерге көмек көрсету туралы шақыруын жоғары бағалайды.
«MUI, Индонезия мұсылмандарының өкілі ретінде, БҰҰ-ға соғыстан кейін Йемен халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға деген міндеттемесі үшін үлкен ризашылығын білдіреді» - деді Саптомо.
asyldin.kz