Бүгін еліміздің бірқатар «жасыл аймақтарында» орналасқан қала, аудан, ауыл мешіттерінде жұма намазы оқылды.
Қарағанды облысы, Осакаровка аудандық «Тоқа Байғозы» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен жұма намазы өтті. Бас мүфти жамағатқа айтқан құтбасында «Исра және Миғраж оқиғасы» жөнінде тілге тиек етті. Жиналған жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы үшін дұға жасады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Павлодар, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарынан өзге аймақтардағы мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазы оқылды.