Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде жат ағым бағыты бойынша кезекті имамдар жиналысы болып өтті. Кездесуді арнайы шақырумен келген Алматы қаласы «Ибраһим» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Серікжан Еншібайұлы жүргізді. Жиналыс барысында «Елімізде етек алған теріс ағымдар және олардан сақтану жолдары», «Жат ағым жетегіндегі адаммен қалай мәміле жасаймыз?» сынды тақырыптар тілге тиек етілді.
Жиналысқа РАНТ мүшесі және Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы, Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев, Тараз қаласы «Әзіреті Әли» мешітінің имамы, әрі РАНТ мүшесі Ғазиз Ахметов қатысты.
Кездесу қария имамымыздың «Еліміздің сыртын жаудан, ішін даудан сақта!» деген ізгі батасымен аяқталды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі