Ер кісі әйелінің қаражатын жұмсай ала ма?

Ер кісі әйелінің қаражатын жұмсай ала ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала Құран Кәрімде: «Ер кісілерге табысынан бір үлес бар, әйелдерге де табысынан бір үлес бар. Алланың игілігінен нәсіптеріңді іздеңдер» (Ниса, 32) деген. Сондықтан екеуінің де жұмыс істеуі мен табыс табуы құпталған. Бұған қоса, исламда әйелдің жұмыс істеуі дәл ер кісідей мәжбүрлік жағдайында емес. Егер әйел жұмыс істесе, ар-ұятын, ибасын сақтай алатын адал ортада жұмыс істеуі керек, әрі бұған ерінің разылығы қажет. Бірақ қажеті өтелмеген, жағдайы нашар әйел күйеуінің разылығынсыз да жұмыс істей алады.

Отбасын құру - ортақ өмір сүру болғандықтан, әйелдің де тапқан табысымен үйін асырауға үлес қосуы құпталған. Алайда ер кісі мұны мәжбүрлік деп қабылдауы дінде құпталмаған. Кей ғалымдар әйел кісінің отбасын асырауға үлес қосуын опалылық пен құрмет түсінігі ретінде қарастырған. Алайда бұған қоса отбасын асырау, керегін бүтіндеу жауапкершілігі ер кісіге тән болғандықтан, әйелдерінің айлығына күйеулерінің билік жүргізуіне құқы жоқ. Дегенмен бұл тұста да дін мамандары ерлі-зайыптыларға бұндай нәзік мәселелерді өзара ақылдасып, бір-бірін ренжітпей, татулықпен шешу керектігіне кеңес беруде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: