Жамбыл облысы бас имамының жұма намазын оқуға қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ

Жамбыл облысы бас имамының жұма намазын оқуға қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бас имамының жұма намазын оқуға қатысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Құрметті, бауырлар, мұқтарам жамағат!

Елімізде енгізілген эпидемиялогиялық жағдайға байланысты 1 жылға жуық уақыт бойы жұма намазы оқылмай келді. Иә, мешітке келіп уағыз тыңдап, көпшілікпен арқа-жарқа болып көрісетін күндерді барлығымыз сағындық. Аллаға шүкір бүгінде карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету басталып, «жасыл аймақтарда» орналасқан ауылдық мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазын өткізуге рұтсат берілгенін қуана сүйіншілеймін.

Алайда мешітке жұма оқуға келушілерге қойылатын қатаң талаптар бар.  Маскада болу, 1 метр арақашықтықты сақтау, мүмкіндігінше өз жайнамазын алып келу, намаздан соң қол алыспау сынды шарттар сіздерге айтылып та, түсіндіріліп те жатыр. Осы орайда, қалалық өңірлерде тұратын тұрғындарға ауылдық мешітке барудың қажеті жоқ екенін ескеріңіздер. Өйткені, ауыл мешіттерінің сыйымдылығы аз және бұл әрекет адам санын көбейтіп, санитарлық нормалардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Сіздің саулығыңыз – еліміздің саулығы.

Біз, бұл сәтті көп күттік. ИншаАлла барлық өңірдегі мешіттеріміз ашылып, жұма азаны әрбір мұнарадан жаңғыратын күнге жетейік. Алла Тағала пандемияның таратуын тоқтатып, елімізге, әрбір шаңыраққа береке алып келсін!

 

Бейбіт қажы ӘЛІПБЕКҰЛЫ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: