Хасан Басридің (р.а.) риуаяты бойынша, біреу Османға (р.а.) келіп: «Ей, мал-мүлік иелері! Сендер бүкіл сауапты аласыңдар. Садақа үлестіріп, құлдарға азаттық алып бересіңдер. Қажылыққа барасыңдар және Алла жолында мал-мүлік жұмсайсыңдар», – дейді.
Осман (р.а.): «Сендер де бізге тамсана қарайсыңдар. Солай емес пе?», – деді. Сонда әлгі адам: «Иә, расында, біз сендерге тамсана қараймыз», – дегенде, Осман (р.а.): «Уаллаһи (Алланың атымен ант етейін), өзі зәру бола тұра, Алла жолында жұмсаған адамның бір дирхамы бай-бақуатты, молшылық заманда берген адамның он мың дирхамынан артық», – деді.
asyldin.kz