Қасым әңгімелейді: «Омар (р.а.) сапарға аттанғанда, орнына Зәйд ибн Сәбитті (р.а.) қалдырып кететін. Кейбір адамдарды көрші елдерге жіберіп, оларды қызметке тағайындайтын. Кейде танымал адамдарды белгілі бір аймаққа басшы етіп тағайындау туралы ұсыныстар да түсетін. Мәселен, бірде «Білім десе білімі бар, ел басқаруға да қабілетті Зәйдті неге ешқайда жібермейсің?
Қызметке тағайындасайшы?» – делінгенде, хазірет Омар: «Зәйдтің орнын мен де жақсы білемін. Алайда Зәйд бұл жерге де керек, жеке адамдардың арасында пайда болған қандай да бір даудамайды, талас-тартысты Зәйдтен артық ешкім шеше алмайды», – деді».
asyldin.kz