ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Төлегенова екі күндік іс-сапармен Түркістан облысына келді.
Ақбөпе Төлегенова ұстаздармен мәжіліс өткізіп, биылғы атқарылатын жұмыстың жеті бағыты және және сектор қызметіне тоқталды. Жиында әдеп, қарапайымдылық, зайырлылық тақырыптары қамтылды.
Бұдан кейін Ақбөпе Қанатқызы Кентаудағы «Балаби қари» Құран жаттау орталығына барды. Жаңадан салынып жатқан оқу ғимаратының құрылысымен танысып, қари қыздармен сұхбаттасты. Орталық директоры Арман Қуанышбаев қари қыздардың жетістіктері мен алда атқарылатын жоспарларын бөлісті.
Сондай-ақ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Сарыағаш медресе-колледжінде студенттер мен ұстаздармен жүздесті. Кездесуде ұстаздар мен студенттерге қатысты тақырыптарда әсерлі әңгіме өрбіді.