ІРІ ҚАЛАЛАР МЕН ҮЛКЕН ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ МЕШІТТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАҒА ЕНГІЗІЛЕДІ (ФОТО)

ІРІ ҚАЛАЛАР МЕН ҮЛКЕН ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ МЕШІТТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАҒА ЕНГІЗІЛЕДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен бөлім сағатының кезекті мәжілісі өтті. Бөлім сағатында ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев есеп берді.

Марат Абдуллаұлы бүгінде еліміз бойынша мешіт саны 2716-ға жеткенін атап өтті.

«Өткен жылы мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында шалғай ауылда орналасқан 30 мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ірі қалалардағы мешітке 97 садақа қабылдау терминалы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 97 садақа терминалы орнатылмақ. Құлшылық үйлеріне қатысты мәліметтердің электрондық базасы жасалуда. Бұдан басқа осы жылы ірі қалалар мен үлкен жол бойында орналасқан мешіттер электронды картаға енгізіледі. Бүгінде Бас мүфти бастамасына орай мешіттерді қазақы стильде салу жұмыстарына қатысты нақты жобалар жүзеге асуда» деді ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев.

Бас мүфти жол бойындағы мешіттерге көңіл бөліп, жолаушы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселесіне баса назар аударуды тапсырды.

Айта кетсек, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ресми қабылдауында бұдан былай еліміздегі мешіттер қазақы стильде салынатынын мәлімдеген болатын. Осы игі бастамаға орай ҚМДБ жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: