Бас мүфти бастамасы: «Дін мен дәстүр» кітабы шықты

Бас мүфти бастамасы: «Дін мен дәстүр» кітабы шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иманға шөліркеген жанды рухани сусындататын ізгіліктің жаршысы болған құнды кітаптарымыз тағы бір еңбекпен толықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» кітабы жаны жақсылыққа құштар жамағатқа жол тартты.

«Әлхамдулилла, ата-бабамыз сан ғасырлардан бері аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізудің арқасында халқымыз дәстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып, оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік алды. Мақсатымыз – ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мәзһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Қолыңыздағы кітап сондай игі бастаманың жемісі», – дейді «Дін мен дәстүр» кітабының алғы сөзін жазған Бас мүфти.

Еңбекте дәстүр туралы түсінік, дәстүрдің діндегі орны, қазақ халқының имани дәстүрлері, имани қарым-қатынас, тілдегі айғақтар, тағы да басқа Ислам мен дәстүріміздің қабысатын тұстары жайлы жан-жақты мағлұматтар берілген. Сонымен қатар, қазақ мақал-мәтелдерінің Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерімен сәйкес келетіндігіне дәлелді айғақтар жазылған. Қазақ халқының салт-санасы, таным-түсінігі, ой-тұжырымдары Ислам қағидаттарынан бастау алатыны паш етілген. Қысқасы, «Дін мен дәстүрде» осы екі ұғымның бір-бірімен байланысы туралы сөз болады.

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ баспасөз хатшысы 

Muftyat.kz 

http://fotohost.kz/images/2013/11/15/WVT57.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: