Ясир Арафат өлімінің сараптамасы Палестина-Израиль келіссөзіне кедергі болуы мүмкін

Ясир Арафат өлімінің сараптамасы Палестина-Израиль келіссөзіне кедергі болуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әл-Жазира» телеарнасының «Тергеу» деп ат қойып, айдар таққан деректі фильмінде Палестинаның ресми тұлғалары 2004 жылы кенеттен дүниеден озған Ясир Арафат өліміне қатысты күмәнді ойға дәлелдер келтірілді. Олардың ойынша, бақилық болған Палестинаның бұрынғы көсемі уланып өлген.

Фильм авторлары Швейцариядан марқұмның сүйегін қазып алып (эксгумация), елге әкеліп, Рамаллада жер қойнына тапсыру процесін мұқият қадағалаған болатын. Эксгумация кезінде ғалымдар оның мәйітінде радиоактивті полонияның әдеттегі қалыптан 18 есе артық екенін анықтаған еді.

Ясир Арафаттың артынан аңырап қалған жесірі Суха Арафат (Suha Arafat) өткен аптада жарияланған эксгумация нәтижесін білген бетте Палестина басшылығын «Израилмен» арадағы бейбіт келіссөзді тоқтатуға шақырды.

Палестина жетекшілері Ясир Арафаттың күдік-күмәні көп өліміне байланысты Халықаралық қылмыстық сотқа (ICC) жүгінетінін талай рет мәлімдеген болатын.

Соңғы рет мұндай мәлімдемені марқұмның неден, қалай көз жұмғанын тексеретін палестиналық комиссияның жетекшісі Тауфик Тирави (Tawfik Tirawi) 2012 жылдыің қараша айының 27-і күні сүйекті қазып алғаннын кейін жасаған болатын.

Алайда, осы жылдың сәуір айында Палестина әкімшілігі «Изриалмен» келіссөзді жандандыру үшін бұл мәлімдемеден бас тартқан еді. Бұған Вашингтонда Палестина-Израиль келіссөзін жалғастыру мәселесі қаралған Араб елдері лигасы өкілдерінің америкалық мәмілегерлермен кездесуі түрткі болды.

Аталмыш деректі фильмде Ясир Арафаттың сүйегіне Ресей мамандарының да өз бетінше зерттеу жүргізгендігі айтылады. Ресейлік мамандар швецариялық тексеру кезінде бас сүйектің ғана таңдап алынғанын, ал ол улы заттардың деңгейін анық көрсетіп бере алмайтынын жеткізген еді.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: