Сауд Арабиясында әйел судьялары жұмысқа кіріседі

Сауд Арабиясында әйел судьялары жұмысқа кіріседі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында әйелдер жақын болашақта судья қызметін атқара алады. Бұл туралы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі министрдің орынбасары Хинда әл-Захид айтты.

Аль-Арабияға берген сұхбатында Аль-Захид Корольдіктің әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, атап айтқанда, олардың қоғамдық өмірдің түрлі салаларына қатысуына мүмкіндік беру бойынша міндеттемелерін қайталады. Ол Сауд Арабиясының әйелдердің құқықтары саласындағы ілгерілеуін дәлелдеген халықаралық эталондарға назар аударып, саудиялық әйелдердің Корольдіктің еңбек нарығына қатысуы күткеннен асып түскенін атап өтті.

«Олардың қатысу деңгейі бүгінде 31 пайызға жетті және бұл өте үлкен прогресс. Мемлекеттік қызмет салалары бойынша саудиялық әйелдердің қатысу деңгейі 39 пайыздан 41 пайызға дейін өсті және олардың көпшілігі білім беру мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді », - деді әл-Захид.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: