Дағыстан Республикасы Ботлих ауданы Гагатлы ауылында жеке үйде өрт болды. Өрттің салдарынан тұрғын үй толығымен жанып кетті.
Өрт кезінде ғимаратта отбасы болған, бірақ ешкім зардап шекпеген. Үйдің иесі Магомедрасул Гаджимамаевтың журналистерге айтуынша, ол және оның отбасы уақытша туыстарында тұрады.
Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Сонымен қатар, өрт барлық мүлікті жандырып жіберсе де мұсылмандардың қасиетті жазбаларына қол тигізбеді. Үйде болған өртте тек Құран ғана жанбай қалды.
asyldin.kz