Сауд Арабиясы Катармен шекараларын ашады

Сауд Арабиясы Катармен шекараларын ашады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы 4 қаңтарда кешке Парсы шығанағы саммитінің алдында 3,5 жылдан кейін Катармен әуе, құрлық және теңіз шекараларын ашты. Бұл туралы Кувейт СІМ басшысы Ахмед Нассер ас-Сабах мәлімдеді.

Оның айтуынша, Кувейт әмірі Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл-Тани және Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Сальман Әл-Сауд арасындағы телефон арқылы сөйлесуден кейін келісімге қол жеткізілді.

Министр шекаралардың ашылуы барлық тараптар қызығушылық танытатын "бауырластық қатынастардағы жаңа беттің басталуын" білдіретінін атап өтті, деп жазады Sky News Arabia.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Египет билігі 5 қаңтар, сейсенбіде Катарды қоршауды тоқтату туралы келісімге қол қояды. Агенттіктің сұхбатшысы келіссөздерде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: