Мұсылмандар коронавирусты 10 секундта анықтайтын құрал жасайды

Мұсылмандар коронавирусты 10 секундта анықтайтын құрал жасайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Анкарадағы Билкент университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусын он секунд ішінде анықтайтын құрал жасады, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Диагновир деп аталған құрылғы сілекей сынамасынан коронавирусты анықтауға қабілетті. Үлгіні арнайы ерітіндімен араластырады, қоздырғышты анықтайтын микросхемаға орналастырады, ал егер биосенсор патогеннің болуын анықтаса, оптикалық жүйе жарқыраған түске өзгереді. Барлық талдау процесі он секундтан аспайды.

Ғалымдар құрылғының тиімділігі 99 пайызға жетеді дейді. Құрылғыда қолданылатын технологияны түрік мамандары жеті айда жасап шығарды және болашақта SARS-CoV-2-мен ғана емес, басқа патогендермен де жұмыс істеуге қабілетті. «Лента.ру» сайтының хабарлауынша, өнертабысты патенттеу жоспарланған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: