Канаданың солтүстік-батыс аймақтарының астанасы Йеллоунайфтың аязды ауа-райында мұсылмандар баспанасыз және жайлылықсыз қалған адамдарға жылу мен жағдайды қамтамасыз ету үшін бар күшін салуда.
CBC хабарлағандай, йеллоунайфтың Ислам орталығы Ислам ілімінен шабыт алып, аудандағы түрлі қайырымдылық ұйымдарына жүздеген жиынтықтар таратады. Жиынтықтарға шляпалар, қолғаптар, шұлықтар, жылу іш киімдері, көрпелер кіреді. Өткен демалыс күндері еріктілер мұқтаждарға осындай 400 жиынтық таратты.
"Бізде мұқтаж отбасыларды қолдайтын көптеген бағдарламалар бар. Бұл қыста үлкен өзгеріс болады",-деді орталықтың атқарушы директоры Хава Думбуя-Сесай.
asyldin.kz