БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудпен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Саудия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, әсіресе ұмра және қажылық кезінде ынтымақтаса жұмыс істеу, сонымен қатар діни татулық пен ұлтаралық келісімді нығайту жайлы әңгімелесті.

Абдулазиз бен Абдулла әл-Дауд биыл Сауд Арабиясы коронавирус індетінің кең таралуына байланысты қажылық және ұмраға арналған визаларды беруді бүкіл әлем бойынша тоқтатқанын, бұл шара корольдікке келетін әлемнің барлық мұсылмандарын қорғауға бағытталған уақытша амал екеніне тоқталды.

Басқосу барысында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биыл мерейлі 30 жылдығын атап өткенін, осыған орай бірқатар маңызды жұмыстар атқарылғанын алға тартты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: