Тағы бір мұсылман елі covid-19 вакцинасы туралы пәтуә шығарды

Тағы бір мұсылман елі covid-19 вакцинасы туралы пәтуә шығарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Коронавирустық вакцина туралы мәлімдемені Египет үкіметінің дар аль-Ифта пәтуәлар басқармасы шығарды. Ұйымның Бас хатшысы Халид Имран бұл препараттың құрамында жануарлардан алынатын ингредиенттер болса да, мұсылмандар үшін рұқсат етілгенін растады.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Имран химиялық өңдеуден өткен жануарлардан алынатын заттарға қатысты ислам құқығындағы заң туралы еске салды.

"Әлем пандемияны жеңуі керек. Дар Аль-Ифта жануарлардан алынатын заттар химиялық қайта құрудан өтіп, ислам құқығында "истихала" деп аталатын үкімге кіреді деп мәлімдейді", – деді Имран. Истихала заттың тазартылған затқа айналуын білдіреді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: