Бір күні Пайғамбарымыздың (ﷺ) жанына бір адам келіп көзіне тесіліп қарайды да:
- Неткен жиіркенішті едің, - дейді. Пайғамбарымыз (ﷺ):
- Астамшылық жасадың, бірақ орынды, - дейді. Күндердің бір күні тағы бір адам келіп:
- Уа, Алланың Елшісі! Неткен керемет едің! - дейді. Пайғамбарымыз (ﷺ):
- Орынды, - дейді. Сонда қасындағылар былай деп сұрайды:
- Уа, Алланың Елшісі! Жиіркеншітісің дегенге де, кереметсің дегенге де орынды дедің, мұның сыры не? Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Адамдар өздері қандай болса, адамдарды да солай көреді», - деп жауап берген екен.
asyldin.kz