Ұлық имам Әбу Ханифа бірде ұлы Хаммадтың біреумен ақида мәселесінде қызылкеңірдек болып пікір таластырып жатқанын көріп, алдымен екеуін мұқият тыңдайды. Сөйтеді де ұлына ендігәрі ондай таласқа бармауын ескертеді. Ұлы: «Әке, сіз өзіңіз де пікір таластырасыз ғой», - деп қалады.
Сонда Әбу Ханифа оған: «Ұлым, біз пікір таластырғанда, алдымыздағы адамды байқаусызда иманнан суытып алмауға қатты көңіл бөлетініміз сонша, басымызға құс қонақтап, сол құсты үркітіп алмайық дегендей бұған асқан сезімталдықпен қараймыз.
Жайлап қана сөзге тарту арқылы ол адамның дұрысын үйренуіне жағдай жасаймыз. Ал, сендер болса, әлгі адамды жерден алып, көрге саласыңдар. Бұларың жөн емес», - деп түсіндіреді.
asyldin.kz