Қазақстандықтарға туды балконға ілуге рұқсат берілді

Қазақстандықтарға туды балконға ілуге рұқсат берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Премьер-министр Асқар Мамин 27 қарашада ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына қол қойды. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарға (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда) іліп қояуларына болады. Оның ішінде балкондарда және мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде пайдалуларына рұқсат етіледі, - делінген қаулыда.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдайтынын айтқан болатын. 

Парламенттің бірқатар депутаты мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

baq.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: