Нью-Джерсидің орталығында жергілікті мұсылман қауымы көптен күткен жаңа мешіт салынады. Ғибадатхананың ауданы шамамен екі мың шаршы метрді құрайды. Оның сыйымдылығы 500-600 адам. 2 қабат мешіт күмбезбен және мұнарамен безендіріліп, жақын жерде дүкендер мен 60 орындық автотұрақ салынады. Болашақта мешітте медресе мен исламдық жерлеу қызметі жұмыс істейді.
«Мұсылмандар күн сайын көбейіп келеді, соңғы кездері бізде ешқашан орын болмады», - дейді жергілікті мұсылман ұйымының жетекшісі Аршад Чатха.
«Ғибадат орны әдемі және көрнекті болуы керек». Қаланың мұсылман халқы 1980-ші жылдармен салыстырғанда үш еседен астам өсті, дейді Чати. Мешіттің негізі қаланып үлгерді, құрылысты 12 және 18 ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
asyldin.kz